Халықаралық Волонтерлер Форумы
20-21 маусым 2023 жылы
Бейбітшілік және келісім сарайы,
Астана қаласы
Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамның саналы түрде таңдаған өмір салты.
Мақсаты:
Форумның ұраны:
Волонтерлік қозғалыстың халықаралық процестерге интеграциясы
Азаматтық қоғам, жастар саясаты және әлеуметтік бастамалар бойынша байланыс пен ынтымақтастықты нығайту
"Тектегі ізгілікті оят!"
Халықаралық волонтерлік қозғалыстың консолидациясы және дамуы
Міндеттері:
Волонтерлер статусын және халықаралық волонтерлер қозғалысының маңызын арттыру
Спикерлер:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫНЫҢ

ҚАРАРЫ

2023 жылғы 21 маусым
Қазақстан, Астана қ.


Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Азиядағы өзара іс - қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАО) атты халықаралық ұйымдарға кіретін 34 елдің халықаралық волонтерлік және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері
БҰҰ Бас Ассамблеясының (2018 жылы қабылданған) Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі ұлттық халықаралық
іс-қимылында көрсетілген волонтерлікті нығайту жөніндегі қарарын;
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Волонтерлерді жұмылдыру бойынша халықаралық жылын жариялау бойынша бастамасын ҚОЛДАЙ ОТЫРЫП,
Қатысушы елдерде волонтерлік әлеуетті алға қою және нығайту, сондай-ақ өзгермелі уақыт пен мән-жайларға сәйкес тәсілдерді қайта қарау және жаңа тәжірибелерді енгізу бойынша одан әрі күшейтілген жұмыстың қажеттігі туралы БАТЫЛ РАСТАЙДЫ.
Сондай-ақ келесі ұстанымдарды РАСТАЙДЫ:
(1) өзгермелі әлемде волонтерлікке жаңа стратегиялық және кең көзқарас қалыптастыру;
(2) үкіметтермен диалогты жандандыру және алға қою үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ қолданыстағы волонтерлік ұйымдарды шоғырландыру және жаңа ұйымдарды құру;
(3) нақты мәдени және әлеуметтік контексте бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе қажетті өзекті мәселелерді шешуге волонтерлерді тарту;
(4) жергілікті волонтерлерді шешім қабылдаудаға тарту арқылы дауысының маңыздылығын қамтамасыз ету және оларды орнықты даму мақсаттарының неғұрлым кең басымдықтары мен жұмысына оқшаулауды интеграциялау.

Сонымен қатар, мәселелерді және перспективалық бірлескен жоспарларды талқылау аясында форумға қатысушылар мыналарды ҰСЫНДЫ:
(1) Қазақстанның 2026 жылы Волонтерлерді жұмылдыру халықаралық жылын өткізу туралы бастамасын қолдау;
(2) волонтерлікті дамыту индексін әзірлеу және енгізу, волонтерлердің елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау;
(3) жаһандану жағдайында көпжақты әрекеттерді қолдау үшін Халықаралық еріктілер орталығын құру;
(4) Волонтерлерді жұмылдыру жылы аясында қабылданатын
іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру үшін мүше мемлекеттер қатарынан тұратын Консультативтік комитет құру;
(5) волонтерлік саласында тәжірибе алмасу бағдарламасын әзірлеу және енгізу;
(6) төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде волонтерлердің атқаратын жұмысының бірыңғай тәсілін әзірлеу;
(7) халықаралық волонтерлік ұйымдар үшін экологиялық бағыттағы бірлескен іс-қимылдар мен жобалар жоспарын әзірлеу;
(8) дағдарыс жағдайында медицина, білім беру, әлеуметтік көмек көрсету саласында жұмысты ұйымдастырудың халықаралық тәсілдерін талқылау және осындай көмектің тиімділігін арттыру үшін бірлескен жобаларды әзірлеу;
(9) волонтерлердің жұмыс атқару кезінде және жұмыстан тыс кезінде қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ресурстарды жұмылдыруға көмектесу арқылы олардың жұмысын мойындауды арттыратын жергілікті және жаһандық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
(10) БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы (БҰҰЕ) бастамасы бойынша Орталық Азия елдеріндегі волонтерліктің жай-күйі туралы зерттеу жүргізу.

Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары волонтерлік әлеуетті арттыру адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, мемлекеттер мен жалпы әлемнің тұрақты және үйлесімді дамуына ықпал ететініне СЕНІМ БІЛДІРЕДBook design is the art of incorporating the content, style, format, design, and sequence of the various components of a book into a coherent whole. In the words of Jan Tschichold, "methods and rules upon which it is impossible to improve, have been developed over centuries. To produce perfect books, these rules have to be brought back to life and applied."

Front matter, or preliminaries, is the first section of a book and is usually the smallest section in terms of the number of pages. Each page is counted, but no folio or page number is expressed or printed, on either display pages or blank pages.
+7 700 00 00 00
Остались вопросы? Свяжитесь с нами по телефону
ivfkz23@gmail.com