МЕДИА

БАҚ біз туралы
Жаңалықтар

30.05.23

20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі волонтерлермен кездесті. Бұл туралы министрліктің Баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында министр 20-21 маусымда Астанада өтетін, Халықаралық волонтерлер форумына дайындық барысын айтып өтті. Сондай-ақ, кездесуде форумға қатысушы өңірлік волонтерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы айтылды.

30.05.23

Елде халықаралық волонтерлер форумы өтеді

Отыздан аса елдің волонтерлері Астанада бас қосады. Маусым айында елордада халықаралық форум өтеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі бүгін ерікті жастармен кездесті. Қазір волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. 200 мыңнан астам ерікті бар. Форум аясында халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасып, еліміздегі осы бағытты дамыту үшін жаңа тәсілдер әзірленбек.
30.05.23
Астанада Халықаралық волонтерлік орталық ашылады
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астанада бір топ волонтермен кездесті. Министр жастармен 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумының жай-жапсарын талқылады.
06.06.2023
20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді
Бұл туралы АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20-21 маусымда Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумын өткізу жоспарлануда. Халықаралық іс-шараға әлемнің 34 елінен 40-тан астам спикер, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінен делегаттар қатысады. Барлығы 400-ге жуық адамның қатысуы жоспарлануда, оның 140-қа жуығы шетелдік қатысушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Форумға қатысуға қызығушылық танытқандардың көптігіне және волонтерлердің ұсынысына орай, өңірлік қатысушы-волонтерлер арасында іріктеу конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша 80 волонтер өңірлік делегат ретінде танылды, - деді ол.
06.06.2023

Ақмола облысында волонтерлердің жазғы мектебі жұмысын бастады

Бүгін волонтерлердің «Жазғы мектебі» жұмысын бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған еріктілер қозғалысының көшбасшылары жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да Ақмола облысында бас қосты. Басты мақсат-өзара тәжірибе алмасып, осы бағытқа жаңа серпін беру. Қазір елімізде 600-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Ондағы жастардың саны 200 мыңнан асады. Шара аясында еліміздің жиырма аймағынан келген 40-тан астам делегат өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Жазғы мектеп әлі төрт күнге жалғаспақ. Осы уақыт аралығында еріктілер бұл бағытты дамыту үшін жаңа тәсілдер әзірлейді. Содан кейін маусым айында елордада өтетін халықаралық волонтерлер форумында бас қосады.
АСТАНАДА 20-21 МАУСЫМДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Сонымен қатар, Ақпарат және қоғамдық даму министрі елордадағы АйТи университет қабырғасында еріктілермен кездесті. Жиын барысында 20-21 маусымда Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумына дайындық барысы сөз болды. Кездесуде форумға қатысушы өңірлік волонтерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы жарияланды. Форумға әр облыстан 4 белсенді қатысады. Олар: жоба үйлестірушілері, ұйым жетекшілері және бастамашыл топтар. Халықаралық шараның мақсаты - қазақстандық және халықаралық тәжірибені таныстырып, сондай-ақ волонтерлік қызметтегі жаңа тәсілдер мен идеяларды әзірлеуге бағытталған.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/602604-astanada-20-21-mausymda-khaly-araly-volonterler-forumy-tedi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Галерея
The next year's competition is going to be held in Bali in August 2022. I will be there to surf, party, and take photo reports.
All photo and video materials belong to their owners and are used for demonstration purposes only. Please do not use them in commercial projects.